Open login
Главная Новости Дильназ Ахмадиева отау құрды. Интервью «НТК»
Дильназ Ахмадиева отау құрды. Интервью «НТК»
23.10.2019 20:05   

Дильназ Ахмадиева отау құрды. Интервью «НТК»

Дильназ Ахмадиева отау құрды. Өнер иесінің аяғы ауыр екені рас па?

22.10.2019


Интервью с юбилейного концерта гр.Дервиши. Телеканал «НТК»

Dim lights Embed Embed this video on your site

Дильназ Ахмадиеваға киногерлер көз тігіп жүр! Әншіні фильмге түсуге шақырған ұсыныстар толассыз. Өнердің бұл саласын да жатсынбаған Ахмадиева, актриса атануға әсте қарсы емес.

Дильназ Ахмадиева , әнші:

- Көптеген киноларға түсіп тастадым. Мысалы, мен басты рөлдердің бірін сомдаған «Достучатся до мужчин» лентасы көрерменге жол тартпақ. Одан бөлек, Анарбекованың «Тойханасы» мен Қоянбаевтың «Бизнес по-казахскиіне» түстім.

Дильназдың жағымды жаңалығы бұл ғана емес көрінеді! Киноға түспес бұрын, сүйіктіммен ақыладасамын деген Ахмадиева, отау құрғанын айтып қалды.

 

 

 

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Мен тұрмыстағы адаммын. Қандай да фильмге түспес бұрын, күйеуімнен сұраймын. Рұқсатын берсе, әрине.

Бұған дейін әнші, интастаграм парақшасына сүйіктісімен түскен фотоларын жүктеп, көпті қызықтырып қойған еді. Сонымен Дильназ, желідегі жұмбақ жігіт кім?

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Жеке өмірімді жалпақ жұртқа жар салғанды ұнатпаймын. Бастысы, күйеуім бар, жасырмаймын, тұрмыстамын. Ол бар болса, бәрі жақсы болады.

Таяуда өткен концертте, әнші кең етек көйлек киіп шықты. Бұған қарап көпшілік Дильназдың аяғы ауыр деп топшалаған еді. Себебі, сылқым бұрын соңды мұндай луктарға таңдау түсірмейтін еді.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Босанған кезде айта жатармын! Қазір бәрін жайып салғым келіп тұрған жоқ. Мүмкін сіздерді перзентханаға шақырармын?

Еске салсақ, Ахмадиева бұған дейін ақ келін атанып, некесі сәтсіз аяқталған еді. Ал, әншінің жаңа статусы, оның шығармашылығына тұсау болмақ емес.

https://www.ntk.kz/ru/revu/2019-10-22/dilnaz-9252

 
Интересный материал? Поделись с другими: